Орталықта студенттер тірек-қимыл аппараты бұзылған және Даун синдромы бар балалармен жұмыс қалай жүргізілетінімен танысуға мүмкіндік алды. Студенттер денсаулығының ерекше мүмкіндіктері бар балаларға арналған сабақтарға белсенді қатысты.
Келешекте де ынтымақтасу мақсатында Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы EAГИ студенттерін волонтерлер ретінде практикалық дағдыларды игеруге шақырды.















