Іс-шараны астаналық Қоғамдық даму істері жөніндегі басқарма және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы Жастар жылына орай ұйымдастырды. Осы оқиға аясында жоғары оқу орындарының қатысуымен көрме өтті.
Астана әкімінің орынбасары Бақтияр Макен бірінші курс студенттерін құттықтап, символдық студенттік билетті табыс етті. Астаналық он алты ЖОО-ның 32 бірінші курс студенттері, олардың ішінде ЕАГИ студенттері – Наталья Гришукевич және Саят Сисенгалиев сахнада дәстүрлі ант берді.
Рәсім: Мирас Жүгінісов, Ринат Мальцагов сынды әртістердің, «Ирина Қайратқызы» музыкалық тобы және тағы басқалардың өз шығармаларын орындауына ұласты.
Құрметті бірінші курс студенттерін өмірлеріндегі маңызды оқиғамен құттықтаймыз! Сіздерге жақсылық пен қызықты оқу тілейміз!















