Осы күні ИЯ-18-02 тобында (куратор Л.В. Коваленко) кураторлық сағат өткізілді. Сабақтың басында студенттер бір-бірімен сәлемдесті. Әрбір мәдениеттің әртүрлі ұлттық ерекшеліктерін көру өте қызық болды. Студенттер бұл процеске ықыласпен қатысты.
Кураторлық сағат барысында студенттерге Қазақстан тарихына, біздің өлкеміздің әйгілі тұлғаларына арналған әртүрлі конкурстарға қатысу, сонымен бірге өздерінің алғыстарын кімге және қалай білдіргілері келетіндіктерін жазу ұсынылды. Студенттер бұл тапсырманы ниеттерімен орындап, содан соң өздерінің шешімдерімен бір-бірімен бөлісті.
«Өз тарихыңды есте сақта және мақтан тұт» – бұл мерекенің негізгі бағыты болып табылады. Кураторлық сағаттың мақсатының бірі – жас ұрпақты төзімділікке, достық пен бір-біріне құрмет сезіміне тәрбиелеу, сондай-ақ этникааралық келісім мен ұлтаралық байланыстарды нығайту болып табылады. Студенттер ағымдағы ғасырда халыққа арналған басты емтихан төзімділік пен сенімділікке негізделетіндігін және біздің студенттеріміз оны «үздік» деген бағаға тапсыратындықтарына сенім білдіреді.







