ЕАГИ 7 декабря 2018 г. проведет конференцию «Современные проблемы гуманитарных и социальных наук»

2018 жылдың 7 желтоқсанында «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткiзіледi.
Конференцияның мақсаты: қазіргі жағдайда гуманитарлық білім беру тәжірибелерін қорыту, келешектегі даму бағыттары мен трансформациялануын белгілеу.
Конференцияның ғылыми бағыттары:
Конфренция мәжілісінің форматы: пленарлық отырыс, дөңгелек үстел.
Материалдар электрондық жинағы конференцияға дейін шығарылатын болады.
Конференция материалдарын шығару үшін қатысуға тапсырыс пен баяндама мәтінін 2018 ж. 15 қарашаға дейін жіберу қажет. Тіркеу жарнасы – 3000 теңге.
Жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.
Конференция қатысушыларына сертификат беріледі.
Баяндамаларды ресiмдеу тәртiбi
Мәтiн Microsoft Office Word-та терiлуi тиiс. Баяндамалар үшiн – шрифт Times New Roman, кегль 14, бiр жарым интервал. Мәтiн көлемi А4 форматты парақпен 5 толық бетке дейiн. Шеттерi: сол жағы – 3 см, жоғарғы, төменгi және оң жағы – 2 см;
Материалды мына мекенжайға жiберулерiңiздi сұраймыз:
010009, Астана қ., Жұмабаев даңғылы, 4, Еуразия гуманитарлық институты e -mail: konf.eagi2018@mail.ru , +77011768551, +7(7172)561933 Тапсырыста көрсетiледi: Қатысушының аты-жөнi, жұмыс орны, ғылыми дәрежесi мен атағы, секцияның атауы, баяндамасының тақырыбы, байланыс телефондары, e-mail. Тiркеу жарнасы Астана қаласы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың ИИК КZ806010111000036337 есеп-шотына аударылады, БИН 990140001808, БИК HSBKKZKX, СТН 620200000084, КБе 17, төлем бағытының коды 861
Ақпараттық хабарлама

Прокрутить вверх