Телекөпір жұмысына мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының 2, 3-ші курс студенттері қатысты. Бейнеконференция арқылы діни істер мен азаматтық қоғам, білім және ғылым жөніндегі министрлер өкілдерінің, Қазақстан Жастары конгресінің, Қазақстан студенттері альянсының, Қазақстан ЖОО-дары ректорларының, спортшылардың қатысулары қамтамасыз етілді.
Іс-шараның мақсаты жоғары білім беру жүйесінде, сонымен бірге Қазақстан жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін, адалдық, әдептілік секілді қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.



