Студенттер практикада өз білімдерін бекітуге, тереңдетуге ғана мүмкіндік алмайды, сонымен бірге сабақ жүргізу мен зерттеу әрекетінің дағдысын алып, психолог-практиктің кәсіби қызметінің барлық аспектілерін біле алады.
25 қаңтарда ППСК-4-3 тобының студенті Базар Айтолқын Еуразия гуманитарлық институты колледжінің студенттеріне тренинг форматында ашық сабақ өткізді. Студенттер практикантқа қызықты да танымды сабақ үшін алғыс білдірді.

















