Клубтың қатысушылары жұмыстың ерекшелігін, мақсаттарын, міндеттерін және алдағы іс-шаралар туралы айтты. Барлық студенттерді қазіргі ғылымның мәселелеріне қызығушылық танытып, оқу және ғылыми қызметті табысты түрде байланыстыруға шақырды.
«Қаржыгер» клубының тұсаукесеріне қатысқан «Қаржы» мамандығының студенттері оның қызметіне қызығушылық танытты, сондықтан клуб мүшелерінің қатары жаңа белсенділермен толығатынына сенімдіміз.











