Іс-шараға «GalaTranslations» компаниясының қызметкерлері Аима Максұткызы және Зарина Балмагамбетова қатысты. Жұмыс берушілер ағылшын, неміс, қытай тілдерін өте жақсы меңгерген және белсенділік танытып отырған студенттерден үлкен әсер алды. ЕАГИ-дің 2015 жылғы түлегі Рүстем Рахимжановтың өнер көрсетуі көрермендер үшін үлкен тосын сый болды.
Аудармашылар күні – шетел тілдері кафедрасы үшін оқытушылар мен студенттердің өз тәжірибелерімен алмасуға және шығармашылықтарын танытуға мүмкіндік беретін дәстүрлі мерекеге айналды.



















