Бұған «Астананың студенттік өмірі» атты компанияның сөйлесу клубының ағылшын тілі оқытушылары шақырылды.
David Dubias, Jason Hilbert, Sean Davis Steve Young (Дэвид Дубиас, Джейсон Гильберт , Шон Дэвис Стив Янг) «Leadership: Vision» и «Leadership: Teambuilding» тақырыптарында семинар өткізді.
Оқытушылар студенттермен жетекшілік, мықты және ерікті тұлға секілді қасиеттерді дамыту, уақытты ұйымдастыру және басқару, күйзелісті жеңу тақырыптарын талқылады. Әр семинар 25-30 минуттан тұрды және 15-20 минут топпен талқылау жасалды. Студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, үздіксіз қарым-қатынас әрекетін қолдады. «Шетел тілдері» және «Аударма ісі» мамандығының екінші курс студенттері мен шетел тілдері кафедрасының оқытушылары әр сессияға қатысты.



















