Іс-шара ағылшын тілін оқыту саласындағы өзекті тақырыптарға арналған үш күндік кәсіби даму вебинарларын қамтыды. Конференцияға қатысушылар ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістерімен танысып, халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болды.
Студенттер келесі сессияларға қатысты:
Мұндай халықаралық кәсіби іс-шараларға қатысу студенттердің академиялық ұтқырлығын, цифрлық және коммуникативтік құзыреттіліктерін арттырып, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануына зор үлес қосады.



















