Іс-шараға жақын және алыс шетелдердің 13 елінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Көрермендер әлемнің ең мықты палуандарының керемет жекпе-жегінің, батылдығының, рухани ерік-жігері мен кәсіби шеберлігінің куәсі болды.
А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері намысты доданың қызу барысынан қуат ала отырып, спортшыларға қолдау көрсетіп, шараға көрермен әрі жанкүйерлер ретінде белсенді қатысты.
Мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық сезімін дамытуға, салауатты өмір салтын ұстануға және спортқа құрметпен қарауға тәрбиелейді.



