Кураторлық сағат барысында студенттерге Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған экологиялық акцияның негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда: аумақтарды тазалау, көгалдандыру, қалдықтарды сұрыптау, су айдындарын қорғау және биоәртүрлілікті сақтау мәселелері талқыланды.
Іс-шара жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға, табиғатты аялауға және қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.





