Кездесу барысында ректор студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын әсер тіледі. Ректор институттың тарихы туралы айтып, жоғары оқу орнының қалыптасу кезеңдеріне, дәстүрлері мен жетістіктеріне ерекше назар аударды. Әрі қарай ашық диалог аясында студенттердің пікірлері мен бастамалары тыңдалды.
Мұндай кездесулер студенттердің білімге деген ұмтылысын нығайтатын және ЕАГИ бірыңғай ұйымшыл ұжымының дамуына үлес қосатын біздің институттың жақсы дәстүріне айналды.





