Кездесуге Н.Т. Ныгыманова — ЕАГИ ректоры; А.Д. Исмаилов – ректор кеңесшісі; А.А. Данилков – психология ғылымдарының кандидаты, ҰМПУ доценті, БЛДҚ басқарма төрағасы; Қ.Ә. Ахметов және С.Б. Загатова – проректорлар; Т.Н. Кемайкина — институт деканы; М.Т. Смаилов «Миротворец» білім беру компаниясы ЖШС директоры, С.С. Семёнов – «Mirotvorets Camp» лагерінің үйлестірушісі қатысты.
Кездесу барысында өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелері, білім беру мен бос уақытты ұйымдастыру саласындағы заманауи сын-қатерлер, сондай-ақ ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Кездесу балалар мен жастарды дамыту, білім беру серіктестігін нығайту мүддесінде одан әрі өзара іс-қимылдың маңызды бағыттарын белгілей отырып, сындарлы және қызықты атмосферада өтті.





