Сот өкілдері соттың қызметі мен функциялары, қылмыстық істерді және сот процесін қарау тәртібі туралы айтып берді, сондай-ақ оларды соттарға жұмысқа қабылдау тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар, студенттер « Төрелік » автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің жұмыс принципімен танысты.
Кездесу ашық диалог форматында өтті, оның барысында студенттер Қазақстан Республикасының сот жүйесі туралы қойылған сұрақтарға толық жауап алды.







