Тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге – студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларына институттың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін ЕАГИ ректорының алғыс хаттарын табыс етті.
Концерттік бағдарламада студенттер дайындаған әртүрлі шығармашылық нөмірлер: театр қойылымдары, вокалдық, музыкалық және аспаптық композициялар, әсерлі билер ұсынылды. Әр нөмір эмоциялар мен сезімдерге, достық пен бейбітшілік тақырыбына толы болды.
Студенттерге студенттік жылдар олардың өмірінің жарқын және ұмытылмас парағына айналуын тілейміз!



















