Қазақстан халқы Ассамблеясының спикерлері: Рзаев Махир Мухтар Оглы – Әзірбайжан «Хазар» этномәдени орталығының төрағасы, Зиявдинова Сарсенгуль Блаловна – Астана қаласы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығының Астана қаласындағы Астана филиалының «Ханун-Қизла» әйелдер кеңесінің басшысы, Салумян Саак Акопович – «Ван – армян этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы сөз сөйледі.
Бағдарлама басталар алдында іс-шараға қатысушылар үшін этномәдени орталықтардың көрмесі таныстырылды.
Іс-шараны тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Оспанова Ярослава Николаевна ашты.
Шара соңында Астана ҚХА шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.



















